"Балалардың қабілетін анықтау жолдары" » ГККП "Ясли сад №160"
Алматы білім басқармасының
«№160 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 226-01-04
Әдіскер:
+7(727) 226-27-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балалардың қабілетін анықтау жолдары"
16
сентябрь
2025

"Балалардың қабілетін анықтау жолдары"

Кеңес:  «Тұлға тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»
Баланың шыр етіп өмірге келуі-зор қуаныш. Өйткені, бала өмірдің сәні, отбасының шаттығы, Аллахтың берген сыйы. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. Бесік жырымен әлдилеген, алақанға салып аялаған. Тәрбиесіне жауаптылықпен қарап, бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. 
Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. 
Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар.          
        «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Осылай баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді.
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы.
Қарапайым мысалға жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді,қалай өзгеріп кетті? Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасуға бейім болып алды ?-деген сияқты сауалдар алдыңнан кесе-көлденеңдейді. Әрине, оның себептерін жан-жақтан іздеуге болады. Ата-анасын жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды.Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата-анам да осындай болса,деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін- өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді.
Абай атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі — білсем екен деп ұмтылып,одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі «жан құмары, білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен.»деген үлкен пәлсопалық ой жатыр. Яғни, балаға туғаннан тән азығы — тамақ қандай қажет болса,жан азығы — жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. 
Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:
  1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;
     2. Білім алуына көмектесуге міндетті;
     3. Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;
     4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;
     5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;
     6.  «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
Ата – ананың жауапкершілігі:
1. Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;
 2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
 3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.
 4. Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;
 5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
 6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.
Ата – аналарға қойылатын сұрақтар:
 1. Балаңыздың туған  күні?
 2. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?
 3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
 4. Балаңыз қандай өлшемлі   аяқкиім киеді?
 5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
 6. Балаңыз кеше қандай баға алды?
 7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
 8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
 9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
 10.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
 11.Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
 12.Балаңыздың ең жақын досы кім?
Ал енді ата – аналарға ситуациялық сұрақтар:
1. Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?
 2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
 3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
 4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әәрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсын, сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
 5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?
 6. Балаңыз  күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
 7. Балаңыз мектептегі  бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр.Балаңызға қандай кеңес бересіз?
 8. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?
 9. Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
 10. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?
 11. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив