Балалармен жүргізілген іс-әрекеттер
Балалармен жүргізілген іс-әрекеттер
Мектепке дейінгі ұйымда патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарға байланысты тақырыптық оқу іс-әрекеттері, әдеби-музыкалық кештер, Қазақстан Республикасы, ҚазақстанРеспубликасының Тәуелсіздік күніне,9-мамыр жеңіс және Рәміздер күніне ертеңгіліктер өткізіліп тұрады. Осы іс-шараларға байланысты көрмелер, ардагерлермен, қарттармен кездесулер, байқаулар және жанұялық жарыстар өткізіледі. Осы жұмыстардың барлығына балалар, педагогтар, ата-аналар белсенді қатысады. Жыл бойы ата-аналар мектепке дейінгі ұйымдарда болып жатқан мерекелерге, ойын-сауықтарға, жарыстарға өз ықыластарымен белсене қатысады. Мысалы: «Әкем, шешем және мен» атты спорттық және «Өнеге отбасынан» атты жанұялық жарыстарда балаларымен бірге сайысқа түсті.
«Аналар – асыл жандар» ертеңгіліктен көріністер
Тақырыбы:
Тақырыбы:
"Жобалық зерттеу және экспериментті-тәжірибелік іс-әрекеттерде баланы
әлеуметтік-сенімді тұлға ретінде қалыптастыру ”
Мектеп жасына дейінгі балалар – туа біткен зерттеушілер. Балаларға қызығушылық, тәжірибе жасауға әуесқойлық, қиын мәселелі жағдайларды өздігінен шешу сияқты қасиеттер тән. Педагогикалық көзқарас бойынша бұл істі тоқтатуға жол бермей, керісінше көмектесіп, баланың қиялы мен ойын, яғни танымдық қабілеттілігін алға тарту керек.
Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология.
Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған,
балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен
еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін
іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге
ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін
қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.
Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже
бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі.
Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.