Топ бөлмелері
Топ бөлмелері
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігі және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырыпбалабақшаның материалдық-техникалыққоры жаңа заманауи талаптарға сай. Топ бөлмелері балалардың жас ерекшелігіне сай ескеріліп, жабдықталған, дамытушы орталарға бөлінген, жаңа дизайнмен безендірілген. Балабақша мұздатқыштармен, технологиялық құрал-жабдықтармен, жиһаздармен және төсек әбзелдері, орамалдармен түгелдей жабдықталған. Балалардың көңіл күйінің қалыпты жағдайда болуына психолог бөлмесі талапқа сай жабдықталған. Музыка, би іс-әрекеттерін сапалы жүргізуге музыка бөлмесі ұлттық нақышта, аспаптармен жабдықталған. Баланың даму жағдайларына қойылатын жалпы талаптарға сай келеді. Барлық алаңдарда көлеңке түсіретін бастырма, ойын жабдықтары және құммен ойнайтын орындар орналастырылған. Сонымен қатар балабақша ауласы көгалдандырылған, яғни гүлдер мен гүлзарлар, ағаштар көп отырғызылған.Қоршаулар қойылып және балалар өмірі мен қауіпсіздігін сақтауда сыртқы есікке заманға сай технология-домофонорнатылды. Балаларды күте тұру мақсатында ата-аналарға демалу орындары жасалды.
Дене шынықтыру алаңы секіруге, жүгіруге, еңбектеуге және тепе-теңдік сақтауға арналған жаңа құралдармен жабдықталып, толықтырылды. Бақшадағы футбол ойынын ойнауға арналған алаңдарға жаңа қақпалар қойылды.